"Сәлем-сөздің анасы" дейді дана қазақ халқы. Алланың әрбір күнін бір бірін алғаш көрген адамдар сәлем берісіп әрмен қарай әңгімесін жалғастырып кетеді. Сол алғашқы салемдесуден-ақ адамдар арасындағы болашақ ізгіліктің немесе жамандықтың ұрығы себіле бастайтынын аңғара бермейміз. Кездескен таныс және бейтаныс адамдардың жүзінен шуақ шашып, жайдары көңілмен күлімсірей сәлем беруі, қол алысып төс қағыстыруы немесе немқұрайлы, жүрдім-бардым бас изеп өте шығуы, тіптен кекірейе кегжиіп сәлеміңді менсінбей қабылдауы, сәлем алмауы бәрі-бәрі адамдар арасындағы сапырылысқан қызу қатынасқа өз әсерін тигізеді. Бірі тараптардың жүрегіне жылу, жүзіне нұр сыйласа, келесісі араларына сызат түсіріп бәлкім ат құйрығын кесістіріп, өшпенділікке дейін жеткізуі мүмкін.
Сәлем алу, сәлем беру туралы қасиетті Құран Кәрімде «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шексіз Алла әр нәрседен есеп алушы», - дейді ("Ниса" сүресі, 86 аят)
Қазақ - ежелден сәлемшіл халық. Алыстан келген ағайын-туыс түгілі алаштың қаймана қазағының да асты-үстіне түсіп амандық-саулық сұрасқанда әлемнің бар халқынан да асып түседі десе болғандай.<Ассаләмуалейкум!> яғни (сізге есен саулық,тыныштық тілеймін) оның қайтарымна <Уағалейкумассаләм> яғни (маған тілеген жақсылықты сізге де тілеймін) деген жауап алып сансыз сауаптарға ие болады.
-Сәлем!
-Сәлем!
-Қалайсың?
-Жақсы өзің ?
-Керемет!
-Қай қалаға саяхаттап қайттың?
- Шырайлы Шымкент қаласына.
-Ооо мен де сол жаққа баруды армандап жүрген едім.
-Шымкент - өте қонақжай, көрікті, әсем қала. Табиғаты керемет, жасыл желекке оранған. Мұнда көптеген саябақтар, ойын-сауық мекемелер, ғимараттар т.б. бар.
-Ауа-райы қалай?
-Жаз мезгілінде өте ыстық, қыста суық.

Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.