Толықтауыш дегеніміз - сөйлемде негізінде атау мен ілік септіктен басқа септіктің бірінде тұрып , бір мүшені заттық маңына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүше.Сұрақтары:кімді?нені?кімге?неге?кімнен?неден?кімде?неде?кіммен?немен?Кім туралы?Не туралы?Кім жөнінде?Не жөнінде?Не тақырыпты?Мысалы:Абай ертен Гүлжанмен бірге саябаққа барады.Ертен мен інімді балабақшадан алып кетемін.Ертен мен химия пәнінен жарыста өзімнің Азот туралы слайдымды көрсетемін.
Бейнелеген-бейнелеу, таныстыра-таныстыру, баскан-басу, суйсинсен-суйсину, туган-туу, суреттеген-суреттеу, болган-болу, десек-деу, далелдейтини-далелдеу, бактым-багу, каптым-кабу, шакырады-шакыру
Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі. Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 – 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 – 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 – 7 тәулік күнге жайып, не 4 – 6 сағат 50 – 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 – 140С-қа жеткенде егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара – 944, Іші қызыл – 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған – әңгелек, ерте пісетін – Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін – Колхозшы 749/753, кеш пісетін – Қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады
Қазақ совет әдебиетінің тарихында көрнекті орынға ие болған ақын-жазушының бірі — Әбділда Тәжібаев. Ол Қазақстан оқушы жұртшылығына көптен мәлім. Оның шығармалары идеялық мәні мен тақырыптарының күнделік, советтік құрылысқа аса жақын қабысқан өткірлігімен жұртшылық бағасын ерте алады. Ақындығы шеберлене бастаған кезде де Әбділда совет халқының ұлы құрылысын және өзіне де бақыт берген Отанын жыр етеді. Оның алғашқы кездегі қысқа өлеңдері күнделік іс пенен науқандарға қолма-қол байланысты болатын. Ол газет бетінде тез жарыққа шығып, шапшаң тарап отыратын саясаттық, үгіт өлеңдер еді. Кейін оның орнына көлемді,терең сезімді толғау жырлар жазды. Бұлары әрі күнделік тақырыптық жағынан, әрі идеялық, көркемдік, шеберлік жағынан сай келген, өскен өлеңдер болады.
Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында. Ақын еңбектері әуелі қысқа, көбінше саяси лирикадан басталады да, кейін лирикалық толғауларға, лирика сарыны мол романтикалық поэмаларға да ауысады.
Осы жолдағы ақынның көрнекті табыстарымен қатар айқын кемшілік, қайшылықтары да болды. Ескілікті тақырыптарға жазған "Мерген", "Кілемшілер туралы ертек" деген поэмаларында социалистік реализм үлгісінде жазылатын поэмалардан басқарақ, жалпылаған сарындар бар. Ескі күй, ескі аңызды тамашалау басым. Сынсыз тамашалау сарыны үстемірек болады.
Отан соғысы кезінде жазылған "Толғау" атты үлкен жыры Әбділданың өз Отанын барынша сүйген, шыншыл, терең сезімді, көркем өрнекті ақын екендігін танытады.
Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Советтік қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену ернектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі. Осы аталған классиктердің кейбір шығармаларын аударумен қатар, ақын оларды өзінің сыршылдық өлеңдерінің, толғауларының және кейбір поэмаларының ("Екі жаһан", "Тарас") ішіне Гейне, Шевченко образдарын және Горький, Фурмановқа арналған ой-сезімдерін кіргізіп отырады.Бұл алуандас ақындық ізденулер Әбділданың өнімді жолға, мәдениетті поэзия жолына беттегенін көрсетеді. Бұл — қазақ әдебиетін жаңа үлгіге бастаймын деген талап.
Осылайша, Әбділда, бір жағынан, Ұлы Октябрь жаңғыртқан өз халқының советтік дәуіріндегі жаңа тарих шындығынан бағыт, қуат алады. Жыл санап өнер арттырып, жазушылық мәдениетіне терең бойлап, қазақ совет поэзиясына қызықты жемістер беріп келеді. Әбділда талантты және өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі деп саналады.