Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991
жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз
жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау
қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен
шектеседі.
Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа
және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында
салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.
Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру
саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана
емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика
бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар
шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.
2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының
тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ
мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.
Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райы
температурасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрі
суық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты жел
мен шаңды дауылдар жиі болады.
Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жол
вокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырым
жерде орналасқан.
Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес.
Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай
алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры,
Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ,
музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел
Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау
политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.
Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің
атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин,
Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.
Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш
айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған
Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы
ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың
мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.
Қазақстанда сонау ғұн, сақ, қазақ хандығы кездерінен бері сақталып келе жатқан көне қалалар өте көп. Солардың ішіндегі атақты Отырарды алатын болсақ-Отырар жоғалып кеткен кітапханасымен атақты. 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.
Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.
14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.
Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
Құрау -құрау----жылқыны шақырады
шөре-шөре----ешкіні шақырады
пұшайт-пұшайт---қойды шақырады
1. Бұл жерде парк орналасқан.
2. Кеше мен отбасыммен серуендедім.
3. Ұстазым мені дұрыс жауап үшін мақтады.
4. Досымның аты - Нурали.
5. Бүгін - жексенбі күні.
Жауапты хатшының орынбасары ,жекелеген өлеңдері,жинақтары,басылып жарық көрген