Ответ:
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні Қазақстан тәуелсіздігін әлемге жария етті. 1992 жылы ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Сәлем Алия!қалың қалай?не істеп жүрсін?
Мен бүгін мектептен келген соң,тамақты
ішіп,ыдыс аяқты жуамын сосын кішкене демалып отырамын.Сагат үште мен қосымша сабаққа барамын. сабақтан соң кездесейік! Саған жолығып кетемін! бірге дүкенге барып , тәтті заттар және сусын алып кинотертрға барайық! осы xаттаманы оқысаң, жауабынды жазып жібер!
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады. Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс — Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн — 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді. Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі. Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.