Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.
Күйші деген сөз шығады ғо
Берілген үзіндіде Манаптың бұлай ойлауы орынды деп ойлаймын.Себебі,Қалидің бұны жатсынып,көп әңгімеге тартылмай отырды.Қали оны ес білгелі көрмеді әрі екеуі әртүрлі ортада өсіп,жетілді емес пе?Төтеден шапқан жау секілді балалар үйіне Манаптың ойда жоқты келуі,әрине,Қали үшін күтпеген жағдай.Манаптың бұл ойынан оның байқампаздығын,ересектігін және түсінігі мол жан екенін байқауға болады.Себебі,ол інісіне "Неге бұлай жатсынасың?Мен сенің ағаңмын ғой?" деп бас салған жоқ.Манаптың орынында болсам,мен Қалиге алдын ала өзімді таныстырып,осындай бауыры бар екендігін біліп жүрсін деген ниетпен хат-хабар алысар едім.
4.6
114 оценок
СПАСИБО
164
Комментарии Отметить нарушение
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/28198959#readmore