Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,
Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.
Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
<span>Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой...</span>
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. көз қорқақ, қол батыр. Еңбек түбі береке, көптің түбі мереке. Қоянды намыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Атаның баласыболма, адамның баласы бол. Білектібірді жығады,білімді мыңды жығады. Қына тасқабітеді, білім басқа бітеді. Оқубілім азығы, білім өмір қазығы. Ұста пышаққа жарымас, шебер қайшыға жарымас. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
1. Кітапты досына сатып алды.
2. Ол әнді жақсы айтады.
3. Үйді тазалап, анасына көмектесті.
4. Ағасы оқуды аяқтады.
5. Сабақты оқуға кірісті.