1 а
2 а
3 -
4 б
5 б
6 ә
7 ә
8 а
9 б
10 ә
11 а
12 ә
13 ә
14 б
15 а
16 а
17 а
18 а
19 -
Ержанның жаңа "досы".
Ержан асыға күткен туған күніне ата-анасы компьютер алып берді.Бөлмеден орын бөліп,үстелі мен керекті құрал-жабдықтарын да дайындап берген еді.Ержанның қуанышында шек жоқ.Жасы бар болғаны сегізде бола тұрса да,өте алғыр,зерек.Оқуда озат.Домбыра үйірмесіне қатысып,байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жақындарын бір марқайтқан.Енді бөлмесінен орын тепкен жаңа жансыз "досы" оған қалай әсер етеді екен?Белгісіз.Ата-анасы да бұл компьютердің пайдасымен бірге зияны да болатынын тамаша білген еді.Бірақ балаларының соңғы кездегі құлшыныстарына,кішкентай жеңістеріне көз жұма алмағандықтан,көптен қалап жүрген сыйлығын алып берді.Ендігінің бәрі Ержанға байланысты ғой.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.