1. Папа бағдаршам деген ол не?
- Балам, бағдаршам ол, жарықпен адамдарға, көліктерге, пойыздарға белгі беріп, қозғалысты реттейтін құрылғы болып есептеледі.
2. Ол бізге не үшін қажет?
- Ол бізге жолда кептеліс болмау, көп адамдардың өмірін сақтап қалу, апаттардан сақтау үшін өте қажетті құрылғы.
3. Аке оның неше көзі бар?
- Оның үш көзі бар. Қызыл, сары, жасыл түсті.
4. Қызыл түс нені білдіреді?
-Қызыл түс бізге тоқта деген мағынаны білдіреді.
5. Ал сары түсші?
-Сары түс бізге дайындал деген мағынаны білдіреді.
6. Жасыл түсі нені білдіреді?
- Ол жүр, жүруге болады деген мағынаны білдіреді.
7. Аке жолда бағдаршам болмаса, үлкен жолдан қалай өту керек?
-Жолға дұрыстап қарау керек, бірінші сол жақа, сосын оң жақа, көлік жоқ болса өтуге болады.
8. Балам сен бағдаршам не екенін түсіндің бе?
- Ия аке, бағдаршам бізді апаттан сақтайтын құрылғы. Оның қызыл, сары, жасыл түсті көздері-тоқта, дайындал,жүр дегені.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Менің ойымша,
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Сөзімді қорытындылай келе, шешендік өнер туа біткен қасиет,оны қолдан жасап ала алмайсың.Шешендік өнер кез келген адамның бойынан табыла алмайтын-қасиет.
<span>Сіздерге тамаша орманы мен өзені, сайын даласы бар Орал өңіріне қош келдіңіздер дейміз. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір контингентті құрайтын, әлемнің екі бөлігі — Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Бұл жер өркениеттің озық жетістіктері мен табиғаттың сол қалпында сақталған түпкірлерімен үйлесім тапқан. Бұл жерде болған ешбір адам табиғат сұлулығына көңіл қоймай кете алмайды.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның құрамына кіреді. Ол еліміздің солтүстік-батысында орналасқан және 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Облыс аумағымен Еуразияның басты күретамырларының бірі — Жайық өзені, екі кішірек өзендер — Шаған мен Деркөл өзендері және ондаған шағын өзендер ағып өтеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда көптеген көлдер бар. Ең үлкені — 200 шаршы километрді құрайтын, әрі әдемісі — Шалқар көлі, сондықтан да Орал өңірінің тұзды інжу-маржаны деп тегін атамаған.</span>Облыс Қазақстанның үш: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен, сонымен бірге, Ресейдің бес: Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен шектеседі. Облыс тұрғындарының саны: 606,5 мың адам. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы,тұрғыны: 227,4 мың адам.Орал қаласы Қазақстандағы көне қалалардың бірі, Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысы сағасында, ресми мағлұматтар бойынша 1613 жылы негізі қаланған. Басында Ресей мемлекетінің дала көшпенділері шапқыншыларын қорғайтын әскери постылардың бірі болған және оны Яик қалашығы деп атаған. Орал қаласының аты 1773 — 1775 жылдардағыЕ. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина II Император патшайымының бұйрығымен басқаша аталды. Қаланың ең көне бөлігі — «Курени» ауданы. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Яик қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған.Қалада, өскелең ұрпаққа асыл мұра, тарихпен айналысатын адамдардың бәрінің де қызығушылығын тудыратын оннан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Е. Пугачев мұражай-үйі, 1751 жылы салынған Михаил-Архангель Соборы. Орал казак әскерінің үш жүз жылдығы құрметіне салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаш-Орданың Батыс бөлімі жетекшілері Халел және Жанша Досмүхамедовтер және басқа да көптеген адамдар бітіріп шыққан реалды училище ғимараты.<span>Әр жылдарда бұл қалада И. А. Крылов, А. С. Пушкин, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Т. Г. Шевченко, М. Өтемісов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар болған. Бұл жерде М. Шолохов, Ж. Молдагалиев, А. Сәпсеновтер өлкеден тақырыптар жинап, өз шығармаларына арқау еткен. Орал өңірі — қазақтың үлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Динаның, теңдесі жоқ әншілер Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Рарифолла Қүрмангалиевтың ақын-жазушылар: Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әлінің, алгашқы Кеңес Одагының Батыры атанган, Шыгыс қызы — Мәншүк Мәметованың туған жері. Еуропа мен Азия шекарасындағы қонақжай өңір, Батыс Қазақстан облысы өз қонақтарын тағатсыздана күтеді.</span>
Мәтін қайда? мәтін жоқ балса қайдан құраймыз