Наурыз туралы жұмбақтар:
1) Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
(Шешуі:көктем)
2) Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
(Шешуі:көктем).
3) Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес сан балақ,
Елу екі қарақшы.
(Шешуі:күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып "бес қонақ" деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар).
4) Жапанда бір айдаһар білесің бе?Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.
(Шешуі: киіз үй)
5) Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
(Шешуі:көже мен шөміш).
Қожа қызық бала. Ол Жанар деген қызды ұнатып қалады. Жанар әдемі қыз. Қожа пысық бала. Ол ерке.
Балалар саябаққа барды. Саябақта қар көп. Балалар қардан ақ аю, ақшақар, аққала жасады. Аққалаға бөкебай байлады. Сәбізден мұрын жасады. Сосын бәрі қардан үйшік жасады. Қарды домалатты. Оның ішіне шамды қойды. Қардан жасалған ертегі қаласы әдемі.
Мен досыма( кімге?) туған күніне кітап сыйладым. Саша дәптерге( неге?) берілген тапсыраманы жазды. Мен шешеме ( кімге?) гүл сыйладым. Баланың ( кімнің?) қолында доп бар. Сен жолдасыңның ( кімнің?) сызғышын өзіне неге алдың? Мысықтың (ненің?) жүні жұмсақ.
<span>Қазақстанда ресми түрде Наурыз<span> 1988 </span>жылдан бері тойланып келеді<span>. </span>Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.</span>
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.
<span>Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.</span>