В зависимости от силы верблюда
Тіл- адам сезіміне әсер етуші құрал
Тіл бұл адамның ой пікірін білдіретін және сезімін жеткізетін дене мүшесі. Сондықтан да оны адамның сезімдерінің тікелей айнасы ретінде қарауға болады. Адам өз сезімдерін көбінесе тілмен жеткізеді. Сол үшін сезімді тілмен жеткізген кезде ол одан әрі өзгере түрлене түседі. Сол үшін тіл сезімдерге тікелей әсер етеді.
Біз бейбітшілікті сүйеміз.
Бейбітшілік-ғаламдағы адамзат үшін ең құнды қазыналардың бірі.Біз татулығы жарасқан,"қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" елде ғұмыр кешудеміз.Себебі,Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымақтастықта тұрады.Біз,қазақтар,өзге ұлт өкілдерімен жанжалдаспай,керісінше олардың тілімізді,мәдениетімізді үйренуге деген құлшыныстарын қолдаймыз.Мысалы,біздің көршілеріміздің ұлты - кәрістер.Әрине,мәдениетіміз бен тілімізде үлкен айырмашылық бар.Алайда,біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз.Олар қазақ тілін үйрену үстінде.Біз де олардың мәдениетінен біршама нәрсені үйреніп жүрміз.Осының барлығы біздің адамдар қай ұлт өкілдері болмасын олармен арадағы бейбітшілікті сүйетіндігіміздің айғағы.
Кітап-дыбыссыз мұғалім.Түсінбесеңіз ұрыспайды.Кітап оқыған кезде ой өрісі артады,сөйлеу мəнері дұрысталады.
Бала күнімізде денешынықтыру сабағын ұнамайды деп айта алмаймын, дегенмен маған қиындықтар тудырғандықтан келеңсіз жағдайларға тап болатын едім. Бір күні мұғалім ертең дайындалып келіңдер, есектен, аттан секіреміз,-деді. Дала жауын-шашын күзді күн болатын, дайындалып келдім, әрине. Спорт залда киетін киімдер алмадым, өзіммен. Менен өзге оқушылар спорт залға бет алды, мен мұғалімнен есекпен аттан секіреміз демеп пе едіңіз дедім. Ол, ия, - деп спорт залға шақырды. Менің есек пен ат деп жүрген спорт құралдарының бір түрі екен . Осылай жұртқа біраз уақытқа дейін күлкі болғаным бар. Осыдан кейін алдыма анық мақсат қойдым. Тілді жақсылап үйрену, ана тілінен басқа тілдерді де, терминдері үйрену, спортқа қатысты да, басқа да, міндетті түрде спортпен шұғылдану. Секіруден биіктікке де қашықтыққа да, алдыма жан салмау. Барлығы арман, орындалды.