Атау кім?не?- кітап,оқушы
Ілік кімнің?ненің?-оқушының,кітаптың
барыс кімге?неге?-оқушыға,кітапқа
табыс кімді?нені?-оқушыны,кітапты
жатыс кімде?неде?-оқушыда, кітапта
шығыс кімнен?неден?-оқушыдан,кітаптан
көмектес-кіммен?немен?-оқушымен,кітаппен
Қазақстанның көшпелілеріне Үстірт, Торғай, Бетпақдала, Алтай, Мұғалжар, Сарпақ жатады. Бұл жерлерде жер өңделді. Бұл саладағы адамдар жартылай көшпелі болды. Сырдария жағалауы, Ертістің бір бөлігі, Арал, Есения, Оралдың шығыс таулы аймақтары осы аудандарда 500 мм-ден жоғары ылғалдылықта. Бұл малдың дамуына жақсы әсер етеді. Шу алқабының, Таластың төңірегі - өсімдік шаруашылығы үшін жақсы орын. Онда қалалар салынған.
Бауырмалдылық пен кеңпейілділік адам бойына ең керек қасиеттер.Егер адамдардың бойында ондай қасиет болмаса онда бүкіл адам ешкімге сенім артпай өзімен өзі жүре береді.Сондықтан адам осы қасиетті бойында ұзақ сақтау керек.Әйтпесе адам деген атымыз қайда кетед?.
Қызыл кітапқа жер бетінен жоқ болып кету азабында тұрған өсімдіктер мен жануарлар енгізіледі. Қазақстанның өз қызыл кітабы бар. Қызыл кітапқа енген түрлер қорғауға алынады.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
<span>«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. </span>
<span>Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!</span>