Көпұлтты Қазақстанның кемел келешекке жетуі үшін ең алдымен ел ішінің тыныштығы мен түрлі этнос өкілдерінің «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын» береке-бірлігін басты қағидаға айналдырған Елбасы 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын. Құрылғанына он сегіз жыл толған Ассамблеяның аталмыш сессиясына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, ғылым және шығармашылық қауым өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Әлқисса, «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деген наркескен ақын Махамбеттің арманы арада екі жүз жылдай уақыт өткенде Есілдің бойында орындалып жатқандай. Арғы жағы Есілдің бергі жағы ен тоғаймен емес, еңсесі биік зәулім сарайлармен Арқаның ажарын ашып, сән-салтанатын жарастырып келе жатқалы да он алты жылға табан тіреп қалды. Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдың аяғында Алатау етегінен Арқаның төріне көшпенділер елінің керуені қазығын қағып, шаңырағын көтерген еді. Ол – тәуелсіз елдің жаңа ордасы Астана қаласы. Бүгінде қазақ елінің жүрегі болған Астана бейбітшілік бесігіне айналып үлгерді. Олай дейтініміз, даладай дархан құшағына жүз отыз алты ұлт пен ұлысты сидырған қазақ елі Қазақстан деп аталатын алып шаңырақ астында татулықтың асқан үлгісін көрсетіп келеді. Бұл сөзімізге кеше ғана Елорданың төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы дәлел бола алады. Осы жылдар ішінде Ассамблея кемелденіп, біртұтас ұлттың жалпыазаматтық институтына айналғанын айтқан Елбасы Қазақстан этникалық кикілжіңдерден таза аумақ болып қалыптасқанын, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ел бірлігінің тиімді құралы екенін де атап өтті. <span>Бір кездері тағдырдың жазуымен қазақ даласына келген сан ұлттың баласына құшағын ашып, бауырына басқан халқымыз осы пейілінен әлі де ажырай қойған жоқ. «Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі», – деген ел Президенті бірлік пен келісім, толеранттылық пен өзара сенім – бұл елді жаңғыртудың экономикадан тыс инвестициялары екенін баса айтты. Осы орайда аймақтарда Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырды. </span> <span>Мерекелік леппен басталған сессия барысында Мемлекет басшысы Ассамблея мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыс етті. Ассамблеяның ХХ сессиясы Үндеу қабылдап, онда Ассамблеяны қоғамдық келісім, мемлекеттік кемелдік, жауапкершілік пен ұлттық патриотизм ордасына айналдыруға, ізгілік пен ашықтық дәстүрлерін сақтауға, әр азаматтың елді гүлдендіруге белсенді үлес қосуын қамтамасыз етуге шақырды. </span> <span>Береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың бесігіне айналған Астана төріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өз жұмысын жоғары деңгейде аяқтады.</span>
Бүгін мен бүкіл сабақтан 5 алдым сондықтан көңіл күйім керемет. Мұғалім мені тақтаға шығармағаны үшін мен қатты ызаландым. Бүгін ініме ұрысқаным үшін қатты өкінідім
Сочинениие про экономиста. Мамандық әр түрлі болады.Олар жеңіл және қиын болады.Менің ойымша ең жақсы мамандық-үнемгер.Үнемгерлер-өз жұмысты зор жауапкершіліктерді алып жүреді.Үнемгер-экономика саласында маман.Олар - экономика туралы мәліметтерді жазады.Олар компанияның бюджеттерін жүргізеді және негізгі жұмыстарды өткізеді.Үнемгерлердің жалақы жақсы.Ол-олар қалай сол жақсы бағынышты бол жұмыс істеді.Қазіргі кезде унемгерлер өте көп.Жастар мүндай мамандыққа әдетте жүреді.Қазақстанда экономика колледжтері,институттар да бар.Әр-түрлі факультеттеріне оқуға болады.Үкімет білікті үнемгерлер артық болу ушін бәрі жасайды
Электрондық пошта хаттардың тез жіберілуі болып табылады. Сіз поштаны Интернет, компьютер және телефон арқылы ашуға болады.Электрондық пошта ыңғайлы болу үшін ұзақ қашықтықта байланыс мүмкіндігі үшін жасалған.