Сын есімдер барқыт жасыл зеңгір күміс ерке дариға барқыт таудын жасыл даланың зеңгір аспанның күміс көлдің ерке өзеннің дариға жердің сынын білдіреді
Атау септік айлар тамыз
ілік с айлардың тамыздың
барыс с айларға тамызға
табыс с айларды тамызды
шығыс с айлардан тамыздан
көмектес с айлармен тамызбен
Кызылорда каласы Казакстанда орналаска.Халык саны 309327 адам.Каланы салгандар кокандык озбектер 1820 жылы.Кыргыстан Сырдариянын онтустик жагалауында орналаска.1925 пен 1991 жылдар арасында Кызылорда аталынды.1992 жылдан бастап Кызылорда аталынады.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.
Дауылпаз - көнеден келе жатқан қазақтың ұрмалы аспабы
Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған. Балгер-бақсылар аруақтармен тілдескенде және адамдарды емдеген кезде қолданған. «Қыз қуу», «қазақша күрес», «арқан тарту» т.с.с. ұлттық ойындар дауылпаз сүйемелдеуімен өткізілген.
Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы малдың жұқа терісімен қапталады. Көп жағдайда сыртын қаптау үшін ешкі, түйе, сиыр терісін қолданған. Аспапта ойнау ыңғайлы болу үшін оған аспалы бау бекітіледі. Бауды иыққа асып алып, дабыл қағады.
Дауылпаз көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Кейде аспапта дабыл қағу үшін ағаш тоқпақ пайдаланылады. Бұл аспап өзге халықтарда да кездеседі. Өзбектерде «тәбльбасс», қырғыздарда «доолбас» деп аталатын аспаптар дауылпазға ұқсайды.
Дауылпаз аспабы оркестр мен ансамбльдерде көп қолданылады. Аспап арқылы тұлпарлардың дүбірін, табиғат құбылысын, адам баласының қуану, шаттану сезімдерін көрсетуге болады. Алғаш рет дауылпазды оркестрдегі музыкалық аспаптардың қатарына Ахмет Жұбанов енгізген еді.