Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік.
Табиғатынан ділмар,тума дарын,ақылгөй қария,күміс көмей
Қасқырды қанша бақсаңда,тауға қарап ұлиды.
Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.
Қасқырды қасқыр қылатын да адам.
Қасқырды қанша өсірсеңде ит болмайды.
Адамды табиғатсыз елестету мүмкін емес. Табиғат адам көмегіне өте мұқтаж. Табиғатты қорғай отыра біз өзімізді қорғаймыз. Ойлап қарасақ біз оның бір юөлшегі емеспіз бе? Ағаш отырғызып , гүлдерді қорғаңдар! Олардың жапырағы көмірқышқыл газын жұтып, бізге таза ауа береді. Әрдайым сенбілікке қатысыңдар! Ерінбей, аянбай соңына дейін еңбектеніңдер. Қаланы ластамаңдар. Табиғатты қорғау — біздің міндетіміз.
Алматы.
Алматы -Қазақстанның ең, сулу, әдемі қаласы.Ол Алатаудың етегінде орналасқан Алматы жасыл қала.Көшелерде жасыл ағаштар және әдемі гүлдер көп..Алматыда опера және балет театры бар
Қалада университеттер, мұражалар,мектептер, кітапханалар , дүкендер көп.