Аквариумды өте ұқыпты ұстау керек. Егер аквариумды тазаламасаң ішіндегі балықтар өліп қалады. Уақытылы жемін беріп отыру тиіс. Суын тазалап, жаңадан таза су құйу қажет.
Аташым, мен үшін сен зор тұлғасың. Сенің әрбір сөзің мен үшін мәнді. Әкем өзің қандай мақтаныш тұтса, мен де сондай өзіңнің менің атам екендігіңді мақтаныш ететін. Сенің маған айтқан бір өсиет сөздерің бүгін маған, өмірімнің әрбір сәтінде, қандай бір мәселедегі қиындықтарды шешуге зор көмегін тигізуде. Ата насихатын тыңдап өскен, оны іске қолданған әрбір адам өмірде қор болмайды.
КАЗИР КУЗ. Агаштар саргайды. КАЗИР долада оте суык
Көктем.
Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.
Адам мұратына жету үшін соны бар жанымен тілеу керек. Тілеп қана қоймай, сол мұратқа жету үшін не істеу қажет екендігін анықтап, сол жолда жұмыс жасауға тырысу керек. Ал біздер, мектеп оқушылары үшін, қандай да мұратқа жетудің басты табалдырығы мектеп бағдарламасын меңгеруден басталады. Сондықтан алға қойған мақсатқа жету үшін ең азы мектепті жақсы көрсеткішпен аяқтау қажет.