<em>Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні</em>
<em> далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. </em>
Үш тұғырлы тіл
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Адамдығыңмен таныл, айтуға оңай. Адамдық пен танылуға бәрімізде тырысамыз, бірақ әруақытта қолдан келе бермейтіні өкінішті. Адамдығыңда жасандылық болмау керек. Ол жүрек түпкірінен, шын көңілден шығу керек. Жағымпаздық, қызғаншақтың, көрсеқызарлық, сабырсыздық, жалқаулық осылардың біреуі болса да, бойымыздан табылса адамдығымызға нұқсан келеді. Өзімізді, өзіміздегі сүйкімсіз саналатын әдеттерді жеңіп, тек адамдығымызбен танылайық.
1 а
2 с
3 б
4 д
5 а
6 б
7 с
8 с
9 д
10 а
11 с
12 б
13 а
14 б
15 д
16 с
17 а
18 д
19 с
20 б
Дәрігер
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.