Біздің планетамыз адам өмір сүре алатын жалғыз орын. Өкінішке орай, ғалымдар басқа планеталарды әлі таба алмады. Сондықтан Жер табиғатты және қоршаған ортаны қорғау үшін мүмкіндігінше қорғалуы керек.
-Сәлем,Майра
-Сәлем,Сара
-Халің қалай?
-Жаксы.
-Сен нешінші мектепте оқисың?
-Мен №5 мектепте оқимын
<span>-Мектепте асхана бар ма ?
</span>-Иә ,бар-Асханада кандай ботқалар бар?
<span>-Асханада күріш және карақұмық ботқасы бар.</span>
Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады. Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе , енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады
Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, құда жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп қаймағымыз бұзылмаған заманадан жеткен ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ,. ел бастаған көсем де ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөздерді жиі айтқан. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе даңкты бабаларының атын ұран қып шақырып, канымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз десіп бәтуаласып, баталасып бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп бір байрақтың түбінен табылған.
Міне жауабы!!!!!!! суретті аш