Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.
Күнделік, күн, ел, күл, елік, кел, екі, үн, үкі, үлкен, дүкен.С каждым словом составить предложение.
Keks1983
Мен бүгін базардан күнделік сатып алдым. Бүгін күн суық болып, боран соқты. Ел ішінде Абай өлеңдерін оқымаған адам жоқ шығар. Кеше жаңалықтардан күл болып жанып кеткен сауда ғимаратын көрсетті. Қазіргі таңда елік жануары да сиреп барады, сондықтан осы жануарды атуға тиым салынады. Ұстаз берген кітаптың қызықты болғаны сонша, екі күнде оқып бітірдім. Мен орманда жалғыз жүргенде неше түрлі үн естимін, тіпті қорқынышты. Үкі күндіз мүлдем көрмейді, ал түнде одан асқан аңшы жоқ. Кеше біз үйге үлкен теледидар сатып алдық. Жолдың ар жағында 24 сағат бойы істейтін дүкен бар.
Это корень слова, там нет окончания вот если бы было мектептер или мектептің тогда окончания было бы тер или тің