Дыбыс пен әріп Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр. Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады. Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42. <span>Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.</span>
Мысалы: 1)Әрқайсысы ашылған кітаптың, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев) 2)Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды. (Ғ.Мүсірепов). 3)Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ. 4)Бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-ақ жүрек,адал еңбек,арлы ақыл болуы керек. 5)Ауылда түрлі шаралар,ұйымдар болып жатқан еді,-Айжан әлі жоқ.
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835] жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
- Сәлеметсіз бе, бұл "Арсенал" кинотеатрының кассасы? - Сәлеметсіз бе, иә. Қандай көмек көрсете аламын? - Өтінемін, айтыңызшы, "Гарри Поттер мен Өлім сыйлары" фильміне кешкі сеансқа билеттер бар ма? - Күте тұрыңыз, бір минут... Иә, бар 18.00-ге және сағат 20.30-ға бар. - Фильм қанша уақытқа созылады? - Екі сағат. - Онда 20.30 маған қолайлы емес. 18.00-ге екі билетті қалдыруға болады ма ? - Сәл күте тұрыңыз. Егер сізге орындары жақын жерден керек болса, онда бесінші қатардан, бесінші және алтыншы орындары ғана қалды. - Бұл шетте ма? - Иә, шетінде. Бірақ біздің кинотеатрда қазіргі заманғы экран, сондықтан кез-келген орыннан жақсы көрінеді. - Шын ба? Ал, онда маған қолайлы. - Қандай билет? Балаларға немесе ересектерге ма?- Балаларға - Билеттер балаларға болса, онда билет 20 пайыз жеңілдікпен. Бір билеттің құны 800 теңге тұрады. - Өте жақсы! Рахмет! Сау болыңыз! - Қош болыңыз.