Тут могут быть ошибки осторожно.
Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Қабырдың сипаттамасы
Алтын адамның сипаттамасыӨңдеу
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[2] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.[3
Жаңа жыл жақындаған кез. ҚазПоштаға бір оқушы бала келіп, Аяз Атаға хат жіберегісі келетінін айтады. Қызметші открытка, қалам береді, әлгі бала жарты сағат отырып жазған хатын қызметшіге береді. Қызметші қасындағыларын шақырып, бәрі бірге оқиды. «Құрметті Аяз Ата! Жаңа жыл келе жатыр. Ал менде не бас киім, не свитер, не шарф, не қолғап жоқ. Өтінемін, маған силық ретінде беріп жіберші!». Мұны оқыған қызметкерлер әлгі балаға жандары ашып, бәрі жиналып, манағы жазғандарын сатып алады, тек қолғапқа ақша жетпей қалады. Келесі күні оқушы бала келіп, посылканы алып кетеді, 2 күннен кейін тағы хат әкеледі Аяз Атага. Аналар тағы ашып оқыса: «Аяз Ата силықтарыңызға рахмет! Тек қолғап жоқ ішінде! Менің ойымша мына поштадағы оңбағандар, алып алған сияқты
<span>
</span>
Ержігіт есік алдына сырғанақ соқты. Ертеңіне көршінің балаларын сырғанақта көріп, іші күйіп кетті. Кетіңдер деп, бәрін қуып жіберді. Балалар үйлеріне тарап кетті. Алғашында қызықты сияқты еді. Бірте-бірте жалыға бастады. Үйіне көңілсіз оралды.