Әбілхан Қастеев<span> (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — </span>Алматы облысына<span> қарасты </span>Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).<span>Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған.
<span>Теңге алу – ежелден келе жатқан көне ұлттық ат ойыны. Көшпенді халықтың тыныс тіршілігінде ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибе өмірлік қажеттілік болған. Теңге алу сияқты ат жарысында епті және мықты шабандоз жігіттер өздерінің күштері мен тапқырлығын көрсете білген. Ойын ережесі бойынша шабандоз жігіттер бір шапқанда жерге алдын-ала шашылған барынша көп теңгені жерден іліп алуы керек. Әдетте бір шапқанда орамалға түйілген теңгенің барлығын іліп алу мүмкін емес, сондықтан ойынға қатысушылар бірінен соң бірі артынша шабады. Ойынның қызығын арттыра түсу үшін тамашалаушы халық орамалға түйілген теңгеге қосымша өз теңгелерін қосып түйеді. Осылайша, ойын жалғаса береді, ал жеңімпаз шабандоздар іліп алған теңгелерін өздеріне қалдырады.</span>