Ответ на картинке )))))))
Жеткізген халыққа жаңалық,Тілші деген өте ғажап мамандық.<span> Мамандық. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Бүгінгі таңда мамандық таңдау оңай шаруа емес. Санаулы уақыттардан соң аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырған оқушыларды сан алуан мамандықтар әлемі қол бұлғап, әр қиырына шақырғандай болады. Арман жетегінде, болашаққа бастайтын мамандықтар әлеміне еніп бара жатқандаймыз. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын түлектердің алдында мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдау міндеті тұрады. Халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”, - деген екен.</span><span> Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елімізде де әр түрлі өндіріс салаларына байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты,оларды басқаратын мамандар қосылды. Жаңа мамандықтар өзіне лайық білікті жаңа мамандарды талап етеді. Ескі мамандарды жаңа мамандар ығыстырып,өмір ағысына өзгеріс енгізетін жаңа тұлғаларды шығарады. Осылайша бұрынғыларға ұқсамайтын талабы мол,талғамы зор жаңа адамдарды қалыптастырады. Мамандық санымен емес, сапасымен өлшенеді. Жаман мамандық болмайды, тек жаман жұмыскер ғана болады.Жаман жұмыскерлер қатарын көбейтпес үшін көп еңбектенуіміз қажет. Бүгінгі таңда адамның қабілеті мен талғамына сәйкес мамандық таңдап алуға жол ашық. </span>
Шартты рай-оқыса
бұйрық рай-оқы
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.
Жұмыскер өйткені К С әрпінің әсерінен Г-ға айналады