Менің сүйікті әншім
Әр адамның өз талғамына сай сүйсініп тыңдайтын әншісі болады. Әр әншінің өлең айтуда өз мәнері болады, бір әннің өзін әр түрлі әншілер әр қилы айтады.
Менің сүйікті әншім - Димаш Құдайберген. Өз таланты мен еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.
Үш торғайлар шиқылдап жерде жүр.Үш көгершіндер де жерде жем іздеп жүр.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5\% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43\% - ын, ал оттегінің 50\% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Ответ:
Кешіріңіз, маған орталық көшенің қайда орналасқанын айтып жібересіз бе?
Оқасы жоқ, мен сізге жәй ғана кішкене көмек бердім.
Ғафу етіңіз, сіз мұнда сөмкеңізді ұмытып барасыз.
Көмектескеніңізге үлкен рақмет.
Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
(Бұл жерде қыстырма сөздер:сірә,жалпы алғанда,әлбетте,меніңше,қорыта келгенде.)