Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жат-
қан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті
тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген
мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа,
береке –бір-лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге
асырылатын мақсат, мүд-делерді белгілеу. Соған сәй-кес, ақ бата көбінесе
мынан-дай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір
жолын жаңа баста-ған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен
бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға,
түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа,
құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым
басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа,
дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).
Исатай деген ағам бар Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда, Шабайық ханды дегенде, Шапқандай ханды амал бар, - Амал барда хан шаппай, Тәңірім қылды - не амал бар? ! Ат туады байталдан, Айт десең - лебіз қайтарман. Төрт-бес жылдай алысып, Мына тұрған Иса-екем Ханның бір тауын қайтарған. Ат туар ма шұбардай, Ер туар ма бұлардай, Дулығалы бас кесіп, Дұшпанының қанына Ақ алмасын суармай