Қыстап қалатын құстар: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшықпен таныстыру. Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады. Суық торғай – кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді. Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді. Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады. Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.
2.Әкемді биік тауға теңер едім. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек.
3.Жоқ.
4. Маңғыстау тауларына саяхат жасаушы едім. Себебі, Маңғыстау таулары ерекше табиғат сұлулығымен ерекшеленеді және де Маңғыстау тауларының тарихымен танысқан кезде мені қызықтырып , қәзіргі көзімді жеткізгім келеді.
Әр елдің өзінің елордасы болады. сол сияқты Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана. оның іргетасы 1997 жылы қаланды. содан бері 20 жылдай уақыт өтті. осы 20 жылдың ішінде Астана қаласы үлкен қалаға айналды. шет елдерден келген қонақтардың барлығы таңырқап, таңданып қайтады. оны әлемнің керемет қаласы Нью Йоркпен теңестіреді. мен осында бар әлемді аузына қаратқан елде тұратыныма мақтанамын. өркендей бер, өсе бер біздің бас қаламыз - Астана!!!
1.Бұрынғы балалар ойынға шығар кезде достарының подъездің жанына келіп бері келіңдер!!!,- деп шақыратын Футбол ойнап жүрген кезде балалар ілгері жүр, осында қал,алға шық, артты қара деп ойнап жүрген еді.