Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]
Мысалы:
Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.Еңбек етіп күшті туған ерлерЕңбекке ерте тұра бекін буады.Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.[2]
Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғауларыдейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесінсөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
Септік жал-
ғауларының
атыСұрауларыЖай септіктің
сұрауларыТәуелдік септік сұраулары1Атаукім? не?кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?2Іліккімнің? ненің?кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?3Барыскімге? неге?
қайда?кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?4Табыскімді? нені?кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?5Жатыскімде? неде?
қайда?кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?6Шығыскімнен? неден?кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?7Көмектескіммен? немен?кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?Тағы қараныз:[өңдеу]