Ана қадірі
Ана-дүниедегі ең қымбат жан. Ана деген сөздің өзінде 3 сөз, сол 3 сөздің ішінде недеген терең мағына десеңізші. Ана сені 9 ай құрсағында көтеріп сені дүниеге әкелген жан. Ол сені қазірге дейін қастерлеп, сені өскенше мәпелейтін жан. Ананы құрметтейік.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.)
Сегіз қырлы бір сырлы дарын.
<span>Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. </span>
Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.
<span>Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. </span>
<span>Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан , А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. </span>
Сəскеде бір-ақ жылжығымыз келді.қазір сенімен мергендік сынасқым келеді
Мен куандым
Сен куандыН (казахская н)
Сiз куандыНыз
Ол куанды