Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,Қайың жұрттың міншіл келеді. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады. Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың. Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді. Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол. Ағаның үйі – ақ жайлау.Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.Ағадан – ақыл,
Атадан – нақыл. Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу. Апам үйі – ақ жайлау. Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге. Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды. Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар. Өз үйім - өлең төсегім. Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас. Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар, Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі. Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер». Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт. Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз. Жақсы ата – орман,Жақсы бала қорған. Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе. Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі. Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар. Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті. Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма. Ағадан – ақыл,
Ініден – ізет. Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең. Бала тәрбиесі – бесіктен. Әжемді тыңдағаным –
Өзімді танығаным. Ана алдында – құрметАта алдында – қызмет. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа. Ата – балаға сыншы. Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер. Баланың бас ұстазы – ата-анасы Ата – бәйтерек, бала – жапырақ. Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без. Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар. Анасын сүйгеннің баласын сүй. Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды. Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді. Адам болатын бала алысқа қарайды. Бала - адамның бауыр еті.Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры. Жақсы бала - еліне бас болады,
Жаман бала - еліне қас болады. Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер. Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе? Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды. Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес. Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай. Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол. Ұл – қоныс, қыз - өріс. Ұяты жоқ - ұл жаман,
Қылығы жоқ - қыз жаман. Балам – балым, баламның баласы – жаным. Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес. Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса – ізі қалғаны. Адам болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл. Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас. Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті. Талапты бала – талпынған құстай. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер. Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі. Бір жақсы қыз - екі жаман ұлға татиды. Қыз жоқ жерде - қызық жоқ. Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер. Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін. Алты ұл туған ананы -
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды -
Жаным десе болады.