Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!
Апа тубiр (зат есiм,жалпы есiм,деректi есiм)
Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы — уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Бірақ, жазбам уақыт хақында болмақ.
Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
Былым керек барыне, былымсыз кунын жок , окып былым алмасан , жетыстыке жете алмайсын . Былекты бырды жыгады, былымды мынды жыгады деген аталарымыз