Мен ата-анама үнемі көмектесіп отырамын,себебі бұл менің парызым.Ата -анама қолқабыс болып жүремін,кейде қолымнан келмесе,барымды салып көмектесемін,әсіресе анама.Менің ойымша,барлық балалалар ата-анасына көмектесу керек,олардың батасын алып,қолқабыс жүруі олардың басты парызы деп есептеймін
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылады.Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар.
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер.рі
кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.
Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа
Демеулік
Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы: Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.
4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.
Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы: Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы: Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы, – Әкесісіз бе? – Әкесімісіз? -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды. т. б.