Әнші,іші,тар,шаш,тірі,ара,мән,Шәмші,шыншыл))
Қыс
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Күз
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Ответ:Мен жайлауда жақсы демалдым.Онда әжем бауырсақ істеді.Оның бауырсақтары өте дәмдә болды.Сол жайлаудын ауасы таза.Атам жылқы бағып жүрді.Онын жылқылары өте әдемі.
Объяснение:.
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес.Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. X ғасырдағы араб геогрофы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз-бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”.Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Бірінші қабат-осы заманғы: екіншісі XIII-XV ғғ. сәйкес келеді: үшіншісі қаланың XI-XII ғғ. өмір сүргенін куәландыратын қалдықтардан тұрады: төртіншісі VIII-X ғғ. Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты: бесіншісінде V-VII ғғ. мәдениетінің іздері табылды. Соның ішінде X-XII ғғ. Тараздың тамаша көркейгені жөнінде сыр шертетін үшінші қабат орасан бай олжа болып шықты. Үшінші қабат керамикасына тән сипат қара және қоңыр түстермен ұштасқан күңгірт –қызыл боялардың басымдығы болып табылады.Қаланың архитиктуралық – жоспарлау тұрғысындағы құрылымы қиылысқан магистральдарда тұтастырылған. Тараздың тұрғын үй кварталдары, қоғамдық ғимараттарға қарағанда, тым ұсақ өлшемде, ал бұл жайлар тура сызықты бағытта, тұрақты түрде салынғаны туралы айтар еді. Төселген тротуарлар көптігі, шошақ пішінді қыш құбырлардан тұратын сумен жабдықтау жүйелері Тараз қаласының жақсы өте жоғары деңгейге жеткенін паш етеді.XI-XII ғғ. салынып, өзіндік жоспарлармен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбырлары болды. Монша қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді.Қалашықтың жалпы аумағы 90 гектарға жуық жерді құрайды, шаһарстанның қираған орны 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мұнарлары қамал қабырғаларының қалдықтар да сақталған. Архиологиялық қазбалар кезінде зороастрийзмге тән жерлеу табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІ ғғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.Ежелгі Тараз тарихи оқиғаларға бай. Өзі өмір сүрген VI-IX ғғ. алғашқы кезеңінде қала қарлұқтарға қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ ғ. соңында Саманидтер әулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғ. аяғы мен ХІ басы ғасырда Тараз Қараханидтер мемлекетінің астанасы болады. ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы Махмұд Қашқари Тараз тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етеді. ХІғ. Таразда ақша сарайы жұмыс істеген. Көптеген Шығыс елдеріндегі архиологиялық қазбалар кезінде Таразда соғылған күміс дирхемдер табылды. Тараз Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Хамукат, Жікіл секілді шаһарлары бар үлкен аймақтың орталығы болды. Өзінің көп ғасырлық тарихында Тараз әлденеше рет қирауға ұшырады.1207-1210 жж., оны Хорезм шахы Мұхаммед, ал 1219-1220 жж. <span> </span>