Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22707 Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тəтті ауызбірлікте өмір сүруде. Тарихымызға сүйенсек қиын қыстау заманда бір-бірін жылатпаған, қиыншылықта қол ұшын созған. Адал жандар қашанда парасатты болған, қайырымдылық көрсетіп татулыққа шақырған.
Сәлем Марат қалайсың Оқуың қалай мен жақында ғана 5 мектепке ата анам ауыстырды мұнда достарда таптым қызықты.Мектебіміз үлкен әдемі.Кабинетіміз кең.Жарық жақсы түседі.Мен 2 қатардың 5 партасында отырамын.Бізде мұғаліміміз қыз, ұл ғып отырғызды мен Алина деген қызбен отырамын ол өте әдемі екен.Біз әр аптаның дүйсенбісінде кезекшіміз тақтаны сүртеміз парталарды дұрыстап қоямыз гүлдерге су құямыз кабинетімізді реттеп соңында кілттеп шығамыз.Мен мектебімді мұғалімімді жақсы көремін