«Қалқаман - Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі.
Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырларын ұрпаққа таныстырған жыршылар арқылы қазақ қауымында ғасырлар бойы сақталып келеді. «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қалқаман - Мамыр» сияқты лиро - эпостық жырлардың ең негізгі тақырыптары сүйіспеншілік, махаббатқа адалдық, мөлдір махаббатқа жету жолындағы ізгі істер, халықтың тұрмыс - салты, тіршілігі, дәстүрі, таза махаббат жолындағы қайғы - қасірет, күйініш - сүйініші болып табылады.
Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін бұл поэма Ш. Құдайбердіұлының атын бүкіл қазақ даласына жария етті. Бұл поэма қай халық болса да сүйіп тыңдайтын, қайғылы - қасіретті, трагедиялы поэма болғандықтан екі жас өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Менің ойымша, қос ғашық өздерінің ең негізгі мақсаты таза махаббатқа жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген.
«Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.
Құдай неге қылмаған адамды тақ,
Балаларын өзінен өстіріп - ақ.
Хауа ананы жаратуда мақсұты не?
Сол арасын білуге ақылым шақ.». Қалқаманның айтқан сөздерінен - ақ бұл поэманың, біріншіден, сырға толы екенін байқап отырмыз. Әрине, поэма тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік болса сырлы жыр болмауы мүмкін емес.
«Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамыр бейнесі де, әрине, айрықша маңызды. Мамыр – сүйкімді, сұлу, өр мінезді өжет қыз.
«Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора»,- деп эпитет арқылы поэмада берілген бұл тармақтар аса бір сұлулықты көрсетеді. Қыз балаға тән қасиет – сұлулық. Ал Мамыр қандай сұлу болғанымен ер мінезді қыз болған. Бұл поэмада Мамыр өзінің нағыз қазақ елінің қызы екенін дәл, анық көрсетеді. Сөз өнерін құрметтеген қазақтың сұлу қыздары да сөз өнерінің мәнін түсінгені, қадірлегені көрініп - ақ тұр.
«Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер - намыс,
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.» деген Мамырдың бұл шумақтары сөз өнеріне деген аса құрметтілігін көрсетеді. Дәстүрге берік, әрқашан үлкеннің айтқанын екі етпейтін Мамырдың елінен қашуы – таңғаларлық іс. Әрине, бұл Қалқаманға деген таза махаббат, адал сүйіспеншілігінен өрбіген іс. Мамырдың сұлулығы толықтырып отыратын қасиет – ақылдылық, сабырлылық. Сұлу Мамырды сұлуландырып көрсету үшін ақын адамгершілік, сезім, махаббат, әділет – дүниедегі ең қымбат, ең асыл нәрселер деп атап көрсетеді. Қазақ халқына тән ұстамдылық, инабаттылық, сабырлылықты Мамыр өз бойына жинақтай білген. Өз басын қатерге тігіп еліне қайтып келуі осы адамгершілік қасиеттерге толық ие екенін көрсетеді.
«Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
<span>Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.»,- деп сүйген жарының амандығын тілеп, өлер алдында жұртынан Қалқаманға әділетті болуын сұрайды. Таза махаббат үшін күрескен Мамырдың өлімінің өзі – әділетсіздікке айтқан лағынеті, қарсылыққа шыққан күресі деп ұғынамыз. </span>
<span>Қорытындылай келе, мен «Қалқаман – Мамыр» поэмасының қазіргі жастарға мөлдір махаббатты қалыптастыруға, бір - біріне деген таза сүйіспеншілікті орнатуға көмектесетінін айтқым келеді. Әрине, сол кездегі жастар мен қазіргі заманғы жастардың заманын салыстыруға келмейді. Қазіргі жастар өз махаббаттарын қайғы - қасіретсіз, сүйініш - күйінішсіз елестете алады. Бірақ ертедегі замандағы махаббаттың ұлылығы сонша, ғашықтар махаббат үшін жанын қиған. Ал бұл – қазіргі жастар үшін үлкен ұлағат. Сөз соңында мен: «Әрқашанда махаббатты қадірлей білейік!», дегім келеді.</span>
1
5-9 Қазақ тiлi 5 баллов
Нужен текст 8-10 предложений на тему "Традиции в нашей семье" .
Желательно с переводом! c:
1
Попроси больше объяснений Следить Отметить нарушение! от Oleg4769 17.09.2014
Ответы и объяснения
tipowka новичок
2014-09-17T16:05:24+00:00
Традиции моей семьи.
Традиция - это обычай, установившийся порядок в поведении, в быту, а также то, что перешло от одного поколения к другому, унаследовано от предков. Именно семейными ценностями и традициями, привычками отличаются наши семьи. Ведь у каждого они свои собственные.
В нашей семье, а она у нас : мой дед, папа, мама и я, есть свои традиции.
Мы обязательно поздравляем друг друга со всеми праздниками: с Новым годом, Международным женским Днём, Днём Защитника Отечества, Днём знаний и, конечно же, с Днём Рождения.
Среди традиций моей семьи, есть такие, как запекание курицы на Новый Год. Мама всегда говорит, что эту традицию взяла у своей мамы, моей бабушки Любы. Праздники все отмечают по-разному, но в нашей семье каждый год всё выглядит примерно одинаково. Мы все вместе отмечаем Новый год за столом, смотрим телевизор, ходим на елку. А после боя курантов Дед Мороз всегда мне кладет подарки под ёлку. Это так здорово и волшебно!
В День Победы мы семьёй смотрим парад на Красной площади по телевизору, а затем едем на дачу отмечать день рождение моего папы - он родился 9 мая, и открываем дачный сезон приготовлением шашлыка. Обязательно поздравляем папу и дарим ему подарки. И этот день памятен для нас, как и для всех людей, еще тем, что мой дед Илья, папин отец, воевал на фронте. Он вернулся с войны, но до наших дней не дожил. А второй мой дед Николай тоже нам рассказывает про войну, что помнит, хоть он и был совсем маленький.
Каждая традиция хороша даже тем, что она собирает всю семью вместе, а когда все вместе и жить легче, веселее. Так здорово, когда рядом родные люди. В такие моменты забываешь все неприятности, и на душе становится тепло-тепло, как будто солнышко согревает своими лучами. И ничего другое уже не важно, да и не нужно. Мне нравится то, что мы не только соблюдаем эти семейные традиции, но и получаем от этого удовольствие
Айтқым келеді про өзінің сүйікті журналы. Бұл, "амӛз" журналы деп аталады Непоседа. Онда қызықты әңгімелер,жұмбақтар, ребустар шешті. Ол өте қызықты! Беремін және сіз оны оқып.
Я хочу рассказать про свой любимый журнал. Это т журнал называется Непоседа. В нем есть интересные рассказы,загадки, ребусы. Он очень интересный! Советую и вам прочитать его.
Дәрумен — адам мен жануарлардыңтіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунинсалды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін.