Қазақ тілін үйрену өте оңай. Мен қазақ тілін үйрену үшін арнайы курстарға барып жүрмін. Мен ағылшын, қазақ, орыс тілдерін жақсы білемін. Мен көптеген тілдерді меңгергім келеді.
Кез келген адам баласы əлемді тануды армандайды. Əлемді аралап əртүрлі елдерді көргісі келеді. Адам баласы болған соң бəрі де армандайды. Асыл арман жолында тынбай еңбек етеді. Əлемді аралау ең үлкен арман!
Алтын адам
«Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
«Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.
Химиялық экология — химикаттарды қолданудың салдарын және олардың қоршаған ортаға түскендегі әрекетін зерттейтін, экологиялық мониторингтің әдістерін талдап-белгілейтін ғылым. Химиялық экология химикаттардың орнықтылығын, олардың ауыс-түйіс, таралу, жинақталу және басқа түрге айналу процестерін зерттейді. Зерттеулердің нәтижесінде көптеген химикаттардан бас тарту қажеттілігі, олардың қоршаған ортаға шығарындыларын азайту үшін кәсіпорындардың технологияларын жетілдіру.
Қоршаған ортаны, табиғатты корғауға арналған шараларға барлық қоғам мүшелері бірдей қатысуы тиіс. Өз заманында ұлы химик Д. И. Менделеев: "Химияда қалдық жоқ, тек пайдаға аспаған шикізат бар", — деп, көрегендікпен қалдықсыз өндіріс құру қажеттілігін мегзеген еді. Осы күні ғалымдарымыз бен өнертапқыштарымыз өндіріс қалдықтарынан баска заттар өндіруге арналған тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруде. Химиялық экология проблемалары адамзат іс-әрекетінің нәтижесінде ұзақ уақыт бойы біртіндеп жинақталып, пайда болған тіршіліктің жағымсыз көрінісі. Өз шығармасында ұлы француз жазушысы В. Гюго:
"Кімге қауіп төніп түр?
Сіздерге.
Сіздер алдарыңыздағы таразыны көрмейсіздер ме? Оның бір жағында Сіздердің мүмкіндіктеріңіз, ал екінші жағында сіздердің жауапкершіліктеріңіз тұрған жоқ па?" — деген еді.
Сондықтан табиғат байлығын ысырапсыз пайдаланып, адамның әл-ауқатын арттыру үшін қазіргі қоғамда барлық мүмкіншіліктер қолданылуда
Адам корегенди болу ушин ода уш касиет болу керек
Фариза Онгарсынова артына ошпес олен-жыр калдырган улы акын адам еди
Ар адамнын бойында бириншиден адамгершилик болу кере
Казакстаннын танымал аншилери курмет орденимен марапатталып,коптеген лауазымга ие болып отыр