Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
<span>Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. </span>
<span>Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. </span>
<span>Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес. Мақал: Қыс қысыл, жаз жазыл.</span>
Сарайшық қаласы — ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік ерекше орны бар қалаға жатады. Егерде еліміздің оңтүстік өңірі мен Жетісу өңіріндегі қалалық мәдениеттің көрінісін көптеген ортағасырлық үлкенді-кішілі қалалардан, қамалдардан, бекіністерден, елді-мекендерден көре алсақ, батыс өңірдегі қалалық — Сарайшық қаласы арқылы байқалады. Бұл — қаланың көп ерекшеліктерінің бірін құраса керек. Жалпы, ортағасырлық Сарайшық қаласы туралы тарихи дерек мәліметтері баршылық, зерттеу еңбектерінде бұл қала атауы жиі кездесіп отырады. Ал қаланың тарихына арналған арнайы зерттеу жоқ болатын. Сондай-ақ бұл мәлімет — Сарайшық қаласының тарихнамасында өзіндік орны бар еңбектер қатарына жататынына ешбір күмән жоқ
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/26311033#readmore
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.