Кез келген заманда өмір сүрген және өмір сүріп жатқан қоғам үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Бейбітшілік күндердің қадірін білетін адамзат елдің дүрлігіп, әлемнің шаңырағының ортасына түскенін қаламайды. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әйткенмен бәрінің де қолы бейбіт өмірге жете алмай отыр. Әр қадам басқан сайын жау шығып қалар деген қорқыныштан қолдарынан қаруларын тастамай қарумен ұйықтап, қарумен оянатын әлем елдерінің бары рас. Олардың жандары тыныш емес. Содан болар, таңдары да шуақты атпайды. Олар да өзгелердей бейбіт заманның азаматы болғанды қалайды. Халықаралық Бейбітшілік Күнінің күнтізбеде белгіленгендігінің де себебі жоқ емес. Бейбітшілікті аңсайтындар үшін Халықаралық Бейбітшілік күнінің қадірі тым үлкен.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар бейбіт күннің ғұмырының ұзақ, тіпті мәңгілік болуы үшін күресуді бастап та кетті. Олар адамзаттың тыныш ұйқысын бұзып, баларды шат күлкісінен айыратын зұлматты оқиғалар мен үрейлі жәйттерді болғызбау үшін қолдарынан келгенді жасауға көшті. Осы бастама барысында олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, жұмыстарына қызу кірісіп жүр.
Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік.
Арадан адамдар бал алады ал ол бал бизге оте пайдалы тут омоним у нас Ара это пчела и пила
Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көз тартар ерекше сұлулығымен белгілі.Мұнда көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «қамалдарды» көз алдыңызға әкеліп қойғандай көрікті көріністерді елестетеді.Шарын шатқалындағы саналуан бедерлі көріністерді жергілікті тұрғындар ерте кездерде «Шайтан қала», кейіннен «Қызғылт қамалдар аңғары» деп атаған.
Менің бос уақытым.
Бос уақытымда мен киноға жиі барамын.Мен кітап оқығанды, теледидар қарағанды жақсы көремін.Бос уақытымда мен волейбол ойнағанды, ал қыста коньки тепкенді ұнатамын.Мен табиғатты жақсы көремін.Сондықтан достарыммен бірге табиғатта демалғанды жақсы көремін.Әріне бос уақытымда мен үй шаруасымен де айналысамын.
<span>Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. Қайырмасы: Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Торғын белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай. Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. Қайырмасы: Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай. Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең, Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай. Халық әні Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі. http://song5.ru</span>