Чет не понила что за слова
Мен баскетболға қатысамын.Басында ережелерді үйрену қиындық тудырғанымен,кейін баскетбол менің сүйікті спроттық ойыныма айналды.Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.Баскетбол ойнаған адамның организмінде біршама өзгерістер болуы мүмкін.Адамның бойы өсіп,денесі шынығады,допты себетке тура көздеп атып үйренеді.Сондықтан барлығына баскетбол ойнауға кеңес беремін.
Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. Менің де анам бар. Ол үйде бала тәрбиесінде. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден жалыққан емес. Мен анамнан көп жақсы нәрселер үйрендім. Ол қанша шаршап жүрсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Балаларын тыңдап оларды мақтап, мадақтап — «менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір» — деп қана айтып жүретін. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді әрбір адам алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Мен анамды үлгі тұтамын!
Ответ:
Бір кезде қазақ киносы жай ғана қазақ киносы болатын. Соңғы жылдар бедерінде «қазақ киносы» деген анықтама ортақ белгіні бере алмайтыны анық болды. Отандық киноөнімдер бірнеше лагерьге бөлінді. Ол, ең бірінші, көрерменге алдымен жетіп жатқан, көбіне ұсақ студияларда әуесқой режиссерлер түсіретін, кейде «Қазақфильм» қаржыландыратын, коммерциялық не бұқаралық кино. Сәттік көңіл аулауды мақсат қылған олардың көбінің жаңалығы аз, көркемдік құндылығы төмен болатыны түсінікті. Екіншісі – мемлекеттік тапсырыспен, аға буын, не атын қалыптастырып үлгерген орта буын режиссерлер түсіретін, тарихи, идеологиялық кино. Бұл санаттағы фильмдердің негізгі мақсаты – елжандылықты насихаттау, өткеніміздің қандай қиын болғанын, бүгініміздің қандай жарық екенін шегелеу. Үшіншісі – коммерцияның да, идеологияның да қамытына симайтын, суреткерлік ұстанымдарына ғана адал режиссерлер тобы түсіретін авторлық, фестивальдік кино.