1726 жылы "Ақтабан шұбырында ,Алакөл сұлама"кезінде Әбілқайыр хан орыс үкметіне өкілін жіберіп,империя құрамына кіруге талпынған болатын.Бұл жолы ұсынысы жауапсыз қалды.Кіші жүздің сұлтандары мен рубасылар мақсаты-ойраттардың шабулуына қарсы Ресеймен әсери одақ құру болатын.
Турі, түсі, матасы, өлшемі, қандай?қай елде шыққан
Мен дүкеннен нан мен шəй сатып алдым.
Маған сағыз бен кәмпит ұнайды.
Түлкі:
Түлкі бикеш мен едім,
аңқауды алдап келемін.
Алау жақса балалар,
мен де билеп беремін!
Қоян:
Мен қоянмын, қоянмын,
аппақ қарға бояндым.
Достар тағы келер деп,
ертеменен ояндым!
Қасқыр:
Қоянға да сенемін,
қозыға да сенемін.
Желе-жортып келемін.
Танысайық, балалар,
қасқыр батыр мен едім!
Аю:
Мен аюмын, балалар,
аю балдан нәр алар.
Ей, балалар, мені де
кешіңізге ала бар.
Ақ тиін:
Мен тиінмін, тиінмін,
ақ мақтадай киіндім.
Ән мен биге үйірмін.
Келіп алыс орманнан,
алдарыңа иілдім!
Лақ:
Лағымын ешкінің,
әдептімін, естімін.
Бүгін мұнда бір қызық
болатынын естідім!
Менің туған күнім
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.