Достық — бұл сенім мен адалдыққа негізделген адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұл түсінісшілік пен қолдауда негізделген, адамдардың мәңгілік құндылықтарының бірі. Достар характерімен әр-түрлі болуы мүмкін, бірақ, оларды ортақ құндылықтар біріктіреді. Достықтың міндетті белгілері — сенімділік, қолдау және ортақ құндылықтар.
Достықсыз адам өмірі күрделі, достар болмаса, біздің өміріміз толық болмас еді. Шынайы достық — бұл адалдық, өзара сүйіспеншілік, ортақ мүдде. Дос зұлымдықты айтпайды, және әрқашан сіздің жағында болады.
Достық тек қана эмоционалдық ұқсастық мес, бұл сенім мен адалдыққа негізделген сенімдік қарым-қатынас. Досқа сенуге болады, нағыз дос қиын уақытта қолдау көрсетіп, қателіктерді көрсетеді, және оларды түзетуге көмектеседі.
Достық алаяқтықпен, алдамшы эмлцияларды қабылдамайды: ол өтірік пен алдамшы эмоцияларға жол бермейді. Нағыз достарға өз эмоцияларымен, ойларын жасыру қажет емес. Достармен әр іс ез жүреді, өйткені сіз онымен сөйлесіп, көмек сұрай аласыз.
Болаттар келгенше біздің үйде отыра тұр. Құр отырмай саған шәй даындайын. Сыртта суық қой, тоңып қалған боларсың
Әрбір адам компьютермен пайдалана білуі тиіс. Қазіргі таңда барлық ақпарат компьютерлерде сақталады. Кейбір адамдарда әлеуметтік желілерге тәуелділік бар. Алайда, әлеуметтік желілерде отыру үшін жоғары жылдамдықты интернет қажет. Болашақта компьютерсіз өмір сүру мүмкін емес
Информация- ақпарат
Зависимость-тәуелділік
Социальные сети-әлеуметтік желілер
Скоростной-жоғары жылдамдықты

Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Түйе сүті, бұл түлік суды аз пайдаланғандықтан, майлы болып келеді. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса, шұбатта 789-991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау обл. Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған.
Түйе сүтiнiң химиялық құрамы: 86,5 пайызы судан, 14,5 пайызы құрғақ заттан тұрады. Оның iшiнде сүттiң майлылығы — 5,0, белок — 3,6, казеин — 2,8, альбумин — 0,6, глобулин — 0,2, минералды заттар — 0,9 пайыз. Әсiресе, қос өркештi қазақ түйелерiнiң сүтi емдiк қасиетiмен құнды саналады. Аруаналардың сүтiнде майлылық 4,9 пайыздан 6 пайызға жетедi, ал, белок 3,9 пайыздан кем емес. Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құнарын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
Түйе сүтінін ұдайы пайдаланғанда ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері түйе сүтін науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді, біртіндеп семіреді. Шұбатқа қоса бағлан етімен сорпалану да жақсы әсер етеді.
Онтустик, солтустик, шыгыс, батыс, орталык