З щ ш т ч с ф қ һ х п тагы да баска дауыссыздарго крч солар аркылы го
Тақырыбы: Аққулы көлде
Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. Жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. Көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кез еді.
Көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі..... Қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. Сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқсырлар.... Маржан көз сүңгуірлер. Балаша жылаған ақ түсті гагралар. ... Қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. Көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. Көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.(185 сөз)
1) Ғарышты барлау-тек жүрек жұтқандардың қолынан келетін іс.
2) Қазіргі технологиялар арқасында ғарышты бағындырудың ауылы алыс емес екені байқалады.
3) Біздің ғарышкер ағаларымызға ғарышқа ұшу таяқ тастам жерге барып-келудей оңай болған шығар деп ойлаушы едім.
4) Ғарыш дегенде иегім қышып, "шіркін, өз көзіммен сол сұлулыққа қанық болсам ғой" деп армандайтынмын.
5) Көз қиығымды аспан әлеміне салып, жымыңдаған жұлдыздармен сырласқан қандай керемет десеңші!
Өткен жұмада АЯН деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.