Адам баласы ес біліп, өскен шағында өзінің жүрегіне жақын, шын айналысқысы келетін ісі болады. Шынайы ұнататын ісіңмен шұғылданғанда керемет дем алып қаласың. Және ол әр кісінің мінезіне сай түрліше болмақ. Сол секілді менің де сүйікті ісім бар. Оным өзіме қатты ұнайды. Менің суретшелердің бетіне жазылған қанатты, өмірлік мәні бар, адамды түрлі ойға жетелейтін, тіпті күлкілі сөздері бар суреттерге жаным құмар. Осындай бірнеше суреттерді назарларыңызға ұсынғым келеді
Бұл жинап жатқан суреттерімнің бір бөлігі ғана. Сөз жоқ, сіздерде де менікі секілді сүйікті істеріңіз бар. Сүйікті істеріңіз жайлы айтып берсеңіздер. Жаңа қызықты шаруамен ацналысуға үлкен көмек болар еді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Напижи мне что там я тебе помагу
Ответ:
Объяснение:
поселок городского типа, центр Фарабского района Чарджоуской области Туркменской ССР