Иелік форма-(притяжательная форма)- нікі,дікі,тікі тіркестер қосылады.
Аулаға. қайда? барыс септік
бақта. қайда? жатыс септік
бауда. неде? жатыс септік
Біздің отбасымыз Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында қоныстанған. Руымыз Найман. Найманның ішінде Төртуыл, Төртуылдың ішінде Тоғыз деген ел боламыз.Мен шығармамды үлкен атам Ахмет деген кісіден бастағым келіп отыр. Менің отбасымның айтуы бойынша ол кісі өте денелі, бойшаң болған және өте қатал болған. Ол сол кезде бай отбасынан шыққан және өте білімді адам болыпты. Ахмет атаның алты ұлы болған. Ал мен сол Ахметтің улкен ұлы атам Мамырдың қолында өсіп, тәрбиелендім. Менің әкемнің аты Болат. Мені кішкене кезімнен апам мен атам бағып-қақты. Біз ол кісілерді өті жақсы көреміз. Өкінішке орай ол кісілер қазыр бұл өмірде жоқ. Бірақ біз оларды үнемі есімізге алып, сағынып отырамыз.Апам мен атамның тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген ағамның қолындамыз. Және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. Біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз.Біздің қазіргі тұратын жеріміз Алматының шетінде Алмалы-бақ деген жер. Ол жердің табиғаты өте тамаша. Біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. Жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның балалары мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. Мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.
Менің шанам бар. Біз шаңғымен сырғанауға барамыз. Қардың түсі ақ. Әсел аққала жасап жатыр. Әнел қармен ойнап жүр.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.