Сен мемлекеттік тілде сөйлей аласың ба?
Ия, аздап сөйлей аламын.
Мемлекеттік тіл дегеніміз қай тіл?
Елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді жақсы білу керек қой.
Ия, жақсы білу үшін ерінбей үйрену керек, мен қосымша сабақтарға барып жүрмін.
Қосымша сабақ қалай өтеді, үйге тапсырма береді ме?
Қосымша сабақ сұрақ, жауап түрінде өтеді, үйге аудару үшін тапсырма береді. Кейбір сөздерді түсіну қиын, сондықтан аудару да қиын.
Түсіну қиын болса, түсінбеген сабақты орындау мүмкін емес қой, ия?
Ия, оның рас, кейде орындай алмаймын.
Онда мұғалімді сабақта зейін қойып тыңдау керек, шағын мақалаларды оқып үйрен.
Мен үйде солай оқып үйренемін, шығарма жазамын. Мәтінді оқып, мазмұнын анама айтып беремін.
Жақсы, онда саған сәттілік тілеймін
Рахмет.
Объяснение:
Менің ойымша,адам табиғатқа тәуелді.Себебі мен оны табиғаттан тыс өмір сүре алмайды деп түсіндіремін.Оны мен яғни табиғаттан адамдар таза ауа жұтады,табиғат аясында демалады деген фактілермен дәлелдей аламын.Осыған байланысты мен табиғатты аялап ұстау керек деген шешімге келдім.
-Сәлем, Арман!
-Сәлем, Айнұр!Қалын қалай?
-Менде бәрі жақсы, сенде ше?
-Менде де бәрі жақсы.
-Тыңдашы, Арман. Сен неше тіл білесің?
-Мен 3 тіл білемін!Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
-Ал мен 2 тіл білемін. Орыс тілі мен қазақ тілі.
Менің ойымша, бұл өте аз! Мен көп тіл білгім келеді!
-Мен де!
-Арман, сен маған ағылшын тілің үйретесін бе?
-Әрине, жүр уйіме!
-Кеттік!
Ну, как то так.
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз! Мықты болсын еліміздің керегесі. Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаган. Әлі де шығар аланға Отан үшин Карсы аккан өзеннен өтетіндер. Жүректе намыс оты сөнбейді
Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық әлем халықтары түсінігіндегі меценаттық ұғымымен мәндес. Ежелгі Грекияда Август патша кезінде өмір сүріп, ақындарға ұдайы қамқорлық жасаған Меценат (б.з.б. 74/64 – 8 жыл) есімді адамның құрметіне әлем мәдениеті тарихында меценаттық дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күнгі қазақ ұғымында мұндай іс демеушілік деп те аталады. Бұл түсініктегі Жомарттық – қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық – Жомарттың негізгі өзегі. Өзін өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық Жомарттыққа жатпайды. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Біріншіден, ізгі іс биік рухты талап етеді. Екіншіден, жомарт жан қолындағы байлықты тек таратып беруші ғана емес, сол байлықты жасаушы да болғаны жөн. Барды үлестіріп беру үшін барлықтың мәнін түсіну керек. Олай болмаған іс Жомарттық болмай, Абай айтқандай, тектен-текке “мал шашпақ” болады. Атақ үшін “мал шашу” – даңғазалық, айлакерлік. Бұл Жомарттықтың философиялық мәніне кереғар, қайшы келеді. Үшіншіден, жомарт жан – байлықты дәулетке айналдыра алатын дана адам. Байлық дәулетке айналмай ізгілік жоқ. Қзгілік жасау рух қуатын талап етеді. Ел билеуде жомарт пен Жомарттықтың маңызы зор. Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ. Платонның елді философ билеуі керек дегені – елді жомарт жан басқаруы керек дегені. Кең далада өмір сүрген қазақ халқының Жомартықты ерекше қастерлеуі көшпелі тұрмыс-тіршілігімен байланысты қалыптасқан. Бір шетінен бір шетіне айлап жүріп жететін кең аймақта бүгінгідей қонақүйлер, мейрамханалар болмағанымен, “әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтаулы тұрды”. Осыған байланысты халық ділінде қонақжайлық ғұрып қалыптасқан. Балаға Жомарт, Жомартбек деп ат қою дәстүрге айналып, Жомарттықпен аты шыққан адамды көпшілік “Атымтай жомарт” деп ардақтаған. Халық ауыз әдебиеті туындыларында Жомарттықтың нағыз үлгісі ретінде Атымтайдың кеңпейілділігі мен мырзалық қасиеті айтылады. Шашубай ақын “Қолда мал жоқ болғанмен көңілім бай, Байлығым, жомарттығым Атымтайдай”, – деп өзін Атымтай жомартқа теңейді. “Көңілі түскен адамға көл болу”, “астындағы атын түсіп беру” тәрізді адам бойындағы мырзалық пен мәрттік қасиеттер Жомарттықпен ұштасып жатыр. Олар қазіргі қазақ қоғамында әлі де қастерленеді.[1]