1)Қора-қора қойлар тегін көкке шөпке жетті
2)Тау бөктерінде тұтасқан жабайы алма болатын
3)Қызықты кез шуға толы мəре-сəре туды
4)Біздің ауыл Алматы деп аталады
5)Ауыл-аймақта қой сауған тегіс екен
Синоним: шұғылдану, айналысу
атақты, даңқты
Антоним:қатал-мейірімді
Күшті-әлсіз
Омоним: жаттығу
1.Жаттығу- әрекет жасау, дайындалу
2.Жаттығу- тапсырма
Жаз
1.Жаз- қимыл - іс әрекетті білдіреді
Мысалы: дәптерге жаз
2.Жаз-мезгіл
Шыдамдылык.
фонетикалык талдау
Бала тәрбиесі бесіктен.о
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Итті күшігінде үйрет.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Шыбық тимес, шыңқ етер.
Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Ел болам десең бесігіңді түзе.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
Бесіктен белі шықпаған.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба сонда жүрер.
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
Жорғаның тері кеппес,
Жылауықтың көз жасы кеппес.
Құс жеткен жеріне қонады.
Тауда туған баланың,
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Сүтпен кірген мінез.
Сүйекпен кетеді.
Мақал-мәтелдер » Тәлім-тәрбие туралы »
Қандай ой толғандырар тармақтар... Әсіресе, бірінші тармақтағы «көк тудың желбірегені» сөзін естігенде, жүрегіңе бір таныс сезім қона кетеді, биылғы XXX жазғы Лондон Олимпиадасы ойыңа түседі. Бұл Олимпиадада қазақтың туы жеті рет бірінші орынға көтерілді, спортшыларымыз жеті алтынды қазаққа тарту етті. Олимпиада алауының жанғанынан бері қазақ халқы спортшылармен бірге қуанып, бірге жылады. Ел қолдауының арқасында жеті алтын ел қоржынына кірді. Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Серік Сәпиев сияқты спортшыларымызды еліне еңбегі сіңген жеке тұлға, қайраткер деп атауымыз әбден дұрыс. Және де күміс, қоланы иемденген спортшыларымыз да елімізді мол қуанышқа бөледі. Көбі тани бермейтін Қазақстан мемлекеті жарқ етіп, әлем алдында көк туын он үш рет аспанға асқақтатты. Бұл қазіргі жастар, біз үшін – жігер. Спортшыларымыз ел қолдауын сезінген болар, сол елге барғандар да патриот халық екенін көрсетті, бармағандар да, теледидар алдында, өз аймақтарында отырып, спортшылардың тілеуін тіледі. Теледидар көріп отырғанда әр жағынан «Қазақстан, Қазақстан!» деген айғайды естігенде, өзің де сол жерде отырғандай сезінесің. Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде 13 рет жеңімпаз атанған чемпиондарымыз – бізге өте лайықты үлгі. Елдің сүйіспеншілігіне бөленген, туған жерінің көк туын әлемге танытқан қандай жақсы! Ел үшін қызмет жасау ешқашан жойылмайды. Сол себепті біз де елге қызмет етіп, көк туды көкке желбіреткен тұлғаларымызды да құрметтеп, өзіміз де көк туымыздың желбіреуіне үлес қосайық: «Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені."