Тест тапсыратындар отырып дайындалды.
Тест-дара,тубыр,зат есым.
<span>1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
</span>
Перевод на русский красный
9 мамыр
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қастерлі мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып келеді. Ал кешегі келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін кеудесін оққа төсеген қаһарман батырлардың ерлігі бүгінгі ұландардың барлығы үшін жарқын үлгі болып қала береді. Бұл Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, майдан даласында шейіт болып, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгідей мамыражай тыныш өміріміз үшін жанын құрбан еткен жандарға алғыс айту саналы ұрпақтың қасиетті борышы. Ел алдындағы қасиетті борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге мәңгі тағзым етеміз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан баршаңыздың еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық, бейбіт өмір тілейміз! Көк аспанмен түстес Туымыз биікте желбіреп, бейбіт өміріміздегі Жеңіс күнінің мәртебесі биік болсын!