1) сәр-сен-бі, 1 буын - бітеу буын, 2 буын - бітеу буын, 3 буын - ашық буын
с - дауыссыз, қатаң
ә - дауысты,жіңішке, ашық, езулік
р - дауыссыз, үнді
с - дауыссыз, қатаң
е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік
н - дауыссыз, үнді
б - дауыссыз, ұяң
і - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
сөде 8 әріп, 8 дыбыс
2) дүй-сен-бі, 1 буын - бітеу буын, 2 буын - бітеу буын, 3 буын - ашық буын
д - дауыссыз, ұяң
ү - дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік
й - дауыссыз, үнді
с - дауыссыз, қатаң
е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік
н - дауыссыз, үнді
б - дауыссыз, ұяң
і - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
сөде 8 әріп, 8 дыбыс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа дамыған, өркендеген болашаққа жетелейтін маңызды құжат – «Қазақстан-2050» стратегиясы ұсынылды. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыстық жағдайы, рухани байлығы тек осындай үлкен жоспарларды құрып, соған деген талпыныстың нәтижесінен ғана бола алады. Елбасымыздың кемеңгер саясаты мен халықтың ауызбіршілігінің, нақты қойылған мақсаттар мен міндеттердің арқасында «Қазақстан-2030» стратегиясын он бес жылдың ішінде жүзеге асырдық. Бұл стратегияның жүзеге асуына Қазақстанның әр азаматының өзіндік үлесі зор. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, біздің еліміз жиырма жылда керемет табыстарға жетті.
«Қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсіреген, күшейсе – бірлікпен күшейген» деп, ащы болса да, шындықты айтқан Елбасы, барлығымызды бірлікке, достыққа, ынтымаққа шақырады. Егер бізді әлсірететін сыртқы және ішкі факторларға берілетін болсақ, қанша төккен маңдай теріміз зая кетеді. Ел болып бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алатын болсақ қана, қандай да болмасын факторлар бізге әсерін тигізе алмайтыны айдан анық. Күнделікті болып жатқан сырт елдердегі оқиғаларды мысал етуге болады, қантөгіс, тұрақсыздық салдарынан қаншама елдердің құрдымға кетіп бара жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан, барлығымыз бір жіптен ұстайтын болсақ, әлі талай белестерді, шыңдарды бағындырармыз.
«Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал, 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады» деп атап өтті өз Жолдауында Мемлекет басшысы. Расында да, ел экономикасының тұрақтануының бірден-бір себебі – шағын және орта бизнестің дамуы. Әрбір дамыған елді қарасақ, ел экономикасын ұстап тұрған шағын және орта бизнес болып табылады. Қазіргі уақытта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетіліп жатыр, бізге тек қорықпай алға ұмтылу керек, сонда ғана жетістікке жетеміз.
Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт. Бұл туралы Н.Назарбаев жиі айтады. Бүгінде қазақтардың бауырмал, қонақжай халық екенін барлық ел мо-йындап отыр. Біз осы қасиеттерімізден айырылып қалмауымыз керек. Көп ұлтты мемлекет бола тұра, бірлігіміз жарасқан елміз. Барлық ұлттармен тату-тәтті өмір сүрсек қана басқа елдерден тұғырымыз биік болады, достық қарым-қатынасымыз одан әрі жақсаратыны анық.
Бизди коршаган турли тусти алем ол жасыл тусти уйыткени агащтар шоптер гулдер жасыл тусти.Кок тусти уйыткени тениз аспан кейбир жануарлар кок тусти болады
Ел боламын десең, бесігіңді түзе
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Табиғат бізге, адам баласына тапсырылған аманат. Бізді қоршаған ортаны табиғи қалпында сақтау адамзаттың міндеті. Ал, біз сол міндетті орындап жүрміз бе? Көбіне орындамаймыз. Біз табиғатқа демалуға шықсақ, өзімізден кейін қоқыстарымызды жинамаймыз, кейде от жақсақ оны өшірмей, ормандарда өрт тұтану қаупін тудырамыз. Ашық су көздеріне де немқұрайлы қарап, тазалығын сақтамаймыз. Ал, автокөліктерден шығатын газбен ауа ластанады. Сонда адам өзіне пайдалы табиғат сыйларын өздері құртады. Сондықтан табиғат таза болса- аман болар азамат деген асыл сөзді ұмытпайық.