Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіп:
— Ақсақал, осы мен қандай жігітпін, сынаңызшы, — депті.
Қарт әуелі жігіттің жолдасын шақыртып алып, әр түрлі істермен сынап, ақырында жігіттің өзін шақыртады. Жігіт келген соң:
— Шырағым, жаман жігіт көрінбейсің, адамшылдығың да, ақылың да мол екен, — депті.
— Қалайша олай дейсіз, мені сынап, байқап та көрген жоқсыз ғой? – десе, қарт күліп:
— «Жігітті жолдасына қарап бағала» демей ме халық, — деген екен.