Дүниеге келгені: 1924 қазан
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Мансабы: жазушы
Әбдіжәміл КәрімҰлы Нұрпейісов (22.10.1924 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қүланды ауыл кеңесі, «Аван» балык заводы) — қазак жазушысы. 1942–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1956 жылы А. М. Горький атындағы әдебиет институтын (Мәскеу) бітірді. 1962–64 жылдары «Жүлдыз» журналының бас редакторы болды. 1964 жылдан бері творчестволық қызметте. Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиетке 40-жылдардың екінші жартысында араласа бастады. Түңғыш шығармасы — Отан соғысы тақырыбына жазылған «Курляндия» романы (1950). Бүл романды Әбдіжәміл Нұрпейісов өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. Романда халықтар достығына, адамдардың адамгершілік, моральдық, батырлық түлғасының терең ашыла түсуіне назар аударылған.
Күрделі туындысы — «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітабы, «Ымырт», 1961; 2-кітабы, «Сергелдең», 1964; 3-кітап, «Күйреу», 1970) үшін 1974 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Трилогияда қазақ халқының революция алдындағы және Ұлы Октябрь революциясы, Азамат соғысы жылдарындағы тарихи өмірі, қазақ еңбекшілерінің үстем тап өкілдеріне қарсы күресі, орыс еңбекшілерімен бірге революцияға келуі, ішкі-сыртқы жаулармен шайқаста Кеңес өкіметін ерлікпен қорғауға белсене қатысуы тарихи шындыққа сай шынайы көркемдікпен шежіреленген. Әбдіжәміл Нұрпейісов сол тарихи кезеңдегі халық өкілдерінің қайталанбайтын, дараланған, күрделі тағдырлы типтік бейнесін жасады (Еламан, Қален, Сүйеу т. б.). «Қан мен тер» эпопеясы КСРО халықтарының (орыс, латыш, литван, эстон, өзбек, тәжік, якут т. б.) және шетелдердің (француз, араб, неміс, чех, румын, түрік, ағылшын) тіліне аударылды. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы қазақ драма театрының репертуарынан (1974 жылдан) түрақты орын алды. Сын мақалаларының таңдамалысы «Толғау» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде кітап болып шықты (1972).
Әбдіжәміл Нұрпейісов көркем аударма саласында да еңбек етеді. Ол А. П. Чеховтың, А. М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А. Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ә. Нұрпейісов Қызыл Жүлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Қүрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде.
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насихат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз тақыл —
Байлаусыз ақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз, жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан.
Табытын қаққан2 —
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге?
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөн дерге.
Үш-төрт жылғы әдетің
Өзіңе болар жендетің.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Сүйеніп күлкі тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.
Қайратым мәлім,
Келмейді әлім,
Мақсұт – алыс, өмір – шақ.
Өткен соң базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мол емес.
Бір кісі мыңға,
Жөн кісі сұмға,
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен кетті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.
Сөзуар білгіш,
Законшік, көргіш,
Атанбақ – мақсұт, мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып,
Именсе елің, баптанбақ.
Қарғағанын жер қылмақ,
Алдағанын зор қылмақ.
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт еткізбей бағып көр.
Ойнасшыл қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?
Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай, басың сандалар.
Бауырыңа тартқан,
Сырыңды айтқан
Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық ұры-қар,
Қапысын тауып сені алар.
Басы-көзі қан боп,
Арқа-басы шаң боп,
Және тұрып жалпылдап;
Жығылып тұрып,
Буыны құрып,
Тағы қуып салпылдап —
Абұйыр қайда, ар қайда?
Әз басыңа не пайда?
Ит үрсе, бала
Таяғын ала,
Қуады итпен кектесіп.
Ұрысқансып "ой" деп,
"Ұят" деп, "қой" деп,
Үлкендер тыяр "тек" десіп.
Оны білсең, мұның не?
Мен де ұят іс қылдым де.
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос,
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса жатуға.
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім – күн емес.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Жаяуы қапты,
Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын.
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.
Күйдірген соң шыдатпай,
Қоя ма екен жылатпай?
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек,
Жамбасқа батар, ұйқы жоқ.
Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі,
Ойланар елдің сиқы жоқ.
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде – жан жалдау.
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
<span>Жалғыз қалдым – тап шыным</span>