Алабота қай жерде өседі? Алабота үйдің маңайында, далада өседі. Биыл біздің бақшада қараторғай ұя салды. Қараторғай ұясын қайда салды? Алатаудың баурайында Алматы орналасады. Алатау қай қаланың маңында орналасқан?
Кыс келип,кар жауды .жанажылда жакындады .Адамдардын барлыгы жанажылга кызу дайындыкта.барлыгы оз уйлеримен аулаларын жинауда.балалармен улкен адамдврда катты куанышты жане менде сондай куаныштымын жанажыл келгенине.
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тұрмақ емес. Демек ,уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт – дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алты- ның әзірше өзіңде. Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алма- ған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Адамның әрбір күні, әрбір саға-ты мақсатсыз өтпеуі керек.Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін,ақыл-ойын өмірге,өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтқысыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игіліктер жасауы керек. Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да,мүмкін- дігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салысты- руға болады. «Көктемнің бір күні – жылға азық» - дейді халық. Ендеше, жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге бола-ды.
Құрамы: 3 жұмыртқа, 1,5 стақан шекер (300 гр.), 200 гр. сары май, 1,5 стақан қаймақ., 1,5 стақан ұн (300 гр.), 1,5 шәй қасық сода, 0,5 стақан мейіз, 0,5 стақан мак, 0,5 стақан ұнтақаталған жаңғақ. Крем үшін: 1 банка тәтті сүт (сгущенка), 200 гр. сары май. Ең алдымен жұмыртқа, шекер, сары май, қаймақты жақсылап араластырамыз. Енді осыны 3 ыдысқа теңдей бөлеміз. Бөлек табада 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан макты араластырамыз. Осы ұн қоспасын бірінші табаға араластырамыз. Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан мейізді екінші табаға араластырамыз. Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан ұнтақталған жаңғақты үшінші табамен араластырамыз. Кезек-кезек арнайы торт пісіретін формаға құйып, 180 С0-та 30 минуттан пісіреміз. Крем үшін бір банка тәтті сүт пен сары майды миксерде жақсылап араластырамыз. Нандардың арасына, бетіне жағып, торттың бетіне жаңғақ, шоколад ұнтақтарын және тәтті нан ұнтағын себеміз. Қалауыңша сәндейсіңдер. Астарың дәмді болсын!
Бағдаршам туралы жұмбақтар:
1. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
2. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)
4. Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар. (Бағдаршам)
5. Бір көзім "кідір" дейді
Бір көзім "жүгір" дейді
Бір көзім "абайла" дейді.
"Қарап ал маңайға" дейді. (Бағдаршам)
6. Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Тәртіп сақтап әрқашан,
Жолды нұсқап тұрады, (Бағдаршам)