әңгіме он төрт жасар ұл туралы
Қиястың әкесі майданда
Ол тарылықтың 6 гектар жеріне жауап береді
Ол тарылықты суаруды әкесінен үйренді
Ол су аққан жерді бітей алды
а 6 не знаю
Дамның жан сұлулығы бетіндегі сұлулықпен танылмайды. Беті сұлу болса да, іші сұлу емес қыздар да бар. Айналасындағы көпшілікті баурап алатын, жүрек жылуын, шапағат нұрын төге білетін адамның ішкі және сыртқы сұлулығы нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікке байланысты болады. Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті емес, жан сұлулығына байланысты. Мысалы, сыныптасым Жайнаның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесі де сұлу. Ол оның мейірімділігі, қамқорлығы деп білемін. Біздің сынып жетекшіміз Райса апайдың да ішкі жан дүниесі өте сұлу. Апайымның сырт кедбеті де әдемі. Мен ол кісіні нағыз мұғалім деп білемін. Сол апайым секілді мен де өте әдемі, инабатты болғым келеді.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерімдеген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (А.С. Пушкиннен) рет оқылды Амал жоқ — қайттым білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын. Талапсыз, бақсыз мен сорлы Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан. Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем күйіп мен жанып, Айында бірер көрсем де. Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға ¥зақ түн жұмбай көзімді. Қызықтан қашып бұл жерге Көңліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе алмаймын еріксіз. Келмесең егер сен бізге, Сау болмас па ем, әлбетте? Болмасам ашна мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке. Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай, Бармас па ем ерге өзім де? Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек. Әзелде тағдыр иеден, Қожам — сенсің, не керек. Тіршілігім — құрбандық, Шыдамай сені көргенше, Тәңірімнен келген бұл жарлық, Ием — сенсің өлгенше. Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңліме. Қүдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені, «Осы екен ғой — сол», — дедім. Жатқан сайын ұйқыға Дұға оқушы ем, шошынып. ¥натып мені құлқыңа, Жүруші едің қосылып. Түсімде мені жұбантып, Жылы сөзбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді көңіл өсіп. Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы? Әлде азғырып әуре еткен Жаумысың теуіп таптаушы? Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі — алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс. Не болса да, өзімді Тапсырдым сізге налынып, Толтырып жасқа көзімді, Есірке деймін жалынып. Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды, Білдірмей күйін өтейін. Күтемін сізден қайта хат, Қуандырып дертім жаз. Ол болмаса, шыныңды айт, Кінә өзімде, өзіме аз. Өз хатыма өз көзім ¥ялып, қорқып баға алмас Кепілім менің — бір өзің, Бөтен жан тесік таба алмас.
<span>Толық нұсқасы: </span><span>http://abai-inst.kz/?p=743 | Абай институты</span>
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ.
Ендеше үш тілді білу бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын», - деген-ді.